Қазақстандық жүзуші Азия ойындарында үздік ондыққа енді

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының жүзушісі Айбат Мырзамұратов Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында финалға қатысты. Қазақстандық спортшы бұған дейін 200 метрге кешенді жүзу жарысының финалына жолдама алған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешуші жарыста Айбат 2:00.37 нәтиже көрсетіп, жетінші орынға ие болды.

Алтын медальді жапониялық Томоюки Мацусита иеленді — 1:55.30. Оның отандасы Юмэки Кодзима екінші орын алды — 1:55.36. Үздік үштікті Қытай өкілі Шунь Ван түйіндеді — 1:57.14.

Бұған дейін 20 қыркүйекте Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың жарысқа шығу кестесі жарияланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды