Абдурашид Абдуллаев 75 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Непал өкілі Санджив Махарджанмен кездесті.
Отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға өтті.
Сондай-ақ 70 келіге дейінгі салмақта Әлижан Аблағатов қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты жеңімпаз атанды. Айта кетейік, жартылай финал 23 қыркүйекте өтеді.