Қазақстандық спортшы жетісайыстың қорытындысы бойынша 5 568 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Бірінші орынды 5920 ұпай жинаған жапониялық Юри Танака иеленді. Тағы бір жапониялық жеңіл атлет Нанака Кадзики 5673 ұпаймен күміс медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, Чистякова бұған дейін 2026 жылы жабық ғимараттағы Азия чемпионатында бессайыстан 4181 ұпай жинап, чемпион атанған еді.