"Жылдамдық" сайысының финалында отандасымыз 7,342 секунд уақыт нәтижесін көрсетіп, үшінші орынға ие болды.
Алтын медальді 4,714 секундта мәреге жеткен Қытай өкілі Шоухун Чу жеңіп алды. Ирандық Реза Әли Пур Шеназанди Фард 5,362 секунд нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Дамир Тоқтаров Қазақстан қоржынына Азия ойындарының қола медалін салды.