Үшінші орын үшін өткен белдесуде отандасымыз Едіге Түрікменстан балуаны Зымамухаммет Сапаровпен кездесті.
Едіге қарсыласынан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал бұрымды балуанымыз 50 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен кездесуде Дипаншимен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Зейнеп 11:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Сурет: olympic.kz
Осылайша Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты.
Айта кетейік, бұған дейін Начын Куулар мен Едіге Қасымбек қола алған еді.