ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жабылу салтанатында еліміздің көк туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты.
Биылғы Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салды.
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Аичи-Нагоядағы Азия ойындары 1958 жылы Токиода және 1994 жылы Хиросимада өткен жарыстардан кейін Жапонияда ұйымдастырылған үшінші Азия ойындары болды.
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Биыл елімізден 35 спорт түрінен 558 отандасымыз жарыс жолына шығып, нәтижесінде 84 жүлде (12 алтын, 24 күміс, 48 қола) жеңіп алды. Осылайша, жалпы командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 8-орынға тұрақтады.
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Енді Азия ойындары 2030 жылы 4-19 қараша аралығында өз тарихында екінші мәрте Қатар астанасы Доха қаласында өткізіледі.
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі