Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар финалда қарсыласына жол беріп алды

Сурет: olympic.kz
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өз жалғасын табуда. Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта есе жіберіп, турнирді бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Жұбаназар жарыстың финалына дейін жетіп, қола медальға таласуға мүмкіндік алған болатын.

Үшінші орынға таласты белдесуде оның қарсыласы әзірбайжандық спортшы Омар Раджабли басым түсті. Осылайша турнир қожайыны жеңіске жетіп, қазақстандық спортшы жүлдеден қағылды.

Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды