Отандасымыз жұптық сында хорватиялық Луция Чирич-Багаричпен бірге өнер көрсетіп жатыр. Төртінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-хорватиялық жұп ширек финалда швейцариялық Наима Карамоко мен германиялық Нома Ноа Акугуэні жеңді.
Кездесу екі сетке созылып, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Жеңіс Жібек Құламбаева мен Луция Чирич-Багаричке бұйырды.
Енді олар финалға өту үшін бірінші нөмірмен тіркелген ресейлік Елена Приданкина мен Анастасия Тихоноваға қарсы ойнайды. Жартылай финалдық кездесу 10 қазанда өтеді.
Айта кетсек, Беларусьтің әлемдік рейтингтегі екінші ракеткасы Арина Соболенко АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирі алдында мәлімдеме жасаған болатын.