Sports.kz басылымының жазуынша, өткен жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінің финалында Елена Рыбакина Арина Соболенкодан 6:3, 7:6 (7:0) есебімен басым түсіп, мансабында алғаш рет беделді титулды жеңіп алған еді.
Қазақстандық теннисші бүкіл турнирді бірде-бір рет жеңілмей аяқтап, әйелдер теннисі тарихындағы ең ірі жүлде қорының бірі – 5,235 млн доллар сыйақыға ие болды.
Биыл да екі теннисшінің тағы бір тартысты кездесуі өтуі мүмкін.
"Арина Соболенко мен Елена Рыбакина 8–15 қараша аралығында өтетін WTA қорытынды турниріне қатысу үшін Индиан-Уэллске оралады", – делінген турнирдің ресми Instagram парақшасында.
Бұған дейін WTA ұйымының Рыбакина мен Соболенконың жаңа қарсыласына қатысты тарихи шешім қабылдағаны хабарланған болатын.