Рыбакина мен Соболенко АҚШ-та өтетін турнирге қатысады

Рыбакина мен Соболенко АҚШ-та өтетін турнирге қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 10:46 Сурет: Instagram/wta
WTA қорытынды турнирінің баспасөз қызметі әлемдік рейтинг көшбасшылары Елена Рыбакина мен Арина Соболенконың АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін жарысқа қатысатынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz басылымының жазуынша, өткен жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінің финалында Елена Рыбакина Арина Соболенкодан 6:3, 7:6 (7:0) есебімен басым түсіп, мансабында алғаш рет беделді титулды жеңіп алған еді.

Қазақстандық теннисші бүкіл турнирді бірде-бір рет жеңілмей аяқтап, әйелдер теннисі тарихындағы ең ірі жүлде қорының бірі – 5,235 млн доллар сыйақыға ие болды.

Биыл да екі теннисшінің тағы бір тартысты кездесуі өтуі мүмкін.

"Арина Соболенко мен Елена Рыбакина 8–15 қараша аралығында өтетін WTA қорытынды турниріне қатысу үшін Индиан-Уэллске оралады", – делінген турнирдің ресми Instagram парақшасында.

Бұған дейін WTA ұйымының Рыбакина мен Соболенконың жаңа қарсыласына қатысты тарихи шешім қабылдағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: