Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіліп қалды

Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 01:41 Сурет: instagram.com/wta
Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина үш сетке созылған финалда Арина Соболенкодан 6:3, 3:6, 6:7 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, 2023 жылы Елена Indian Wells Open турнирінің чемпионы атанған еді.

Биылғы жарыста Елена Рыбакина Хейли Баптистті (43-орын), Марта Костюкті (28-орын), Сонай Карталды (54-орын), Джессика Пегуланы (5-орын) және Элина Свитолинаны (9-орын) жеңді.

Ал Арина Соболенко Индиан-Уэллсте алғашқы рет чемпион атанып отыр. Бұған дейін Беларусь теннисшісі финалда екі рет ойнағанымен, екеуінде де жеңіліп қалған. 2023 жылы Елена Рыбакинаға, ал 2025 жылы ресейлік Мирра Андрееваға есе жіберді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: