Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды

Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 21:03 Сурет: j48tennis
Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракекасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос"-2026 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисші Юлия Стародубцевамен кездесіп, күтпеген жерден үш сет қорытындысы бойынша 3:6, 6:1, 6:7 есебімен жеңілді.

Осылайша, Елена турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтаса, қарсыласы жарыстың үшінші айналымына өтті.

Еске салайық, "Ролан Гаррос" турниріндегі алғашқы матчында Рыбакина словениялық Вероника Эрьявецті сенімді түрде 6:2, 6:2 есебімен ұтқан еді.

Рыбакинаның "Ролан Гарростағы" мансабындағы ең үздік нәтижесі — ширек финал. Ол бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары дейін жеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: