Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Мерей Базарбаев финалға жолдама алды.
Отандасымыз жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7-0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша Мерей Базарбаев алтын жүлде үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы түркиялық Бекир Кесер болмақ.
Бұған дейін хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері болғанын жазғанбыз.