Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын нығайтты

Сурет: instagram/lenarybakina
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Нинбода өткен турнир аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының жазуынша, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атағы үшін күрестегі орнын нығайта түсті. Нинбодағы турнирде чемпиондық атағын сәтті қорғаған Рыбакинаның еншісінде 9501 рейтингтік ұпай бар.

Екінші орында 7550 ұпаймен Беларусь теннисшісі Арина Соболенко тұр. Ал үздік үштікті 6306 ұпай жинаған ресейлік Мирра Андреева түйіндейді.

Америкалық Джессика Пегула төртінші орынға жайғасса, оның отандасы Кори Гауфф бесінші сатыда орналасқан.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бір саты төмендеп, әлемдік рейтингте 67-орынға түсті.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның Нинбодағы турнирдің финалына шыққаны үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болған еді.

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды