Foot Mercato мәліметінше, "Реалдың" шабуылшысына Аспан асты елінде бойкот жариялануда, ал қытайлық екі демеуші компания ойыншымен арадағы келісімшартты бұзған.
Мұның бәрі Мбаппе "Алтын доп" үшін дауыс беруде екінші орын алған тұста болып жатыр. Қытай тарапы Килианның елдің көрнекті тарихи тұлғасы Мао Цзэдун туралы әзіліне қатты ашулы. Француз футболшысының бұл сөздері Қытайдың әлеуметтік желілерінде қатты наразылық толқынын тудырды. Көптеген қолданушылар мұндай әзілдердің Қытай тарихы мен мәдениетіне құрметсіздік екенін айтып, өз реніштерін білдірді.
Бұл жағдай ойыншының имиджіне, сондай-ақ Қытай - стратегиялық маңызды нарығы болып табылатын "Реал" мен Ла Лигаға да үлкен соққы болып тиюде. Даудың ушығып бара жатқанын байқаған Ла Лига өз президенті Хавьер Тебас арқылы Қытай халқынан кешірім сұрап, елмен көпжылдық байланыстарды сақтап қалуға ниетті екенін мәлімдеді.
Футболшының өзі де мәлімдеме жасап, өз сөзінің орынсыз екенін мойындады.
"Жақында берген сұқбатымда интернетте пайда болған менің суретіме қатысты пікір білдірген едім. Сол кездегі сөздерім сәтсіз шықты, оның Қытайдағы және бүкіл әлемдегі қытай қауымдастығындағы көптеген адамдардың шамына тигенін жақсы түсінемін. Менің сөздерімнен көңілі қалғандардың барлығынан кешірім сұраймын. Бұл жасау менің ешқашан ойымда болман емес. Қытай халқы мен оның тарихын сыйлаймын, өз сөзім үшін шын жүректен өкінемін", делінген Килиан Мбаппенің мәлімдемесінде.
Мбаппенің бұл сұқбаты қазір Ютубан өшірілген. Француздың The Bridge ток-шоуында Мбаппе өзін диктатор ретінде көрсететін мемге қатысты пікір білдірген. "Менің қатты күлкімді келтірген мем "қандай да бір адамның, қытайдың диктаторы болуы керек, сол ғой басыма қойылған. Бұл мемді достарыммен байланыста жиі қолданамын", - дейді ол. Эфирде мемнің өзі көрсетілді. Онда футболшының басын Қытай саясаткері Мао Цзэдунға келетін адам басқан. Бірақ Мбаппе оны атымен атамайды.