Cадақ атудан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі

Сурет: olympic.kz
Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы аяқталды. Аталған жарыста ұлттық құрама 10 медаль жеңіп алды. Оның үшеуі - алтын, бесеуі - күміс және екеуі - қола, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блоктық садақ атудан жекелей сайыста Павел Кузнецов алтын жүлде алса, Никита Ивлев күміс медальға ие болды.

Әйелдер арасындағы жекелей бәсекеде Милана Бурлева екінші орын алды.

Классикалық садақ атудан әйелдер арасындағы жекелей сайыста Александра Землянова үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық бәсекеде топ жарды. Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов және Ислам Серікұлы бақ сынады.

Ал әйелдер құрамасы күмістен алқа тақты. Милана Бурлева, Эльмира Раисова, Аяжан Жақсылық ел намысын қорғады.

Қазақстан аралас командалық бәсекеде де алтын жүлдегер атанды. Бұл сайыста Павел Кузнецов пен Эльмира Раисова өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, ерлер құрамасы классикалық садақ атудан командалық жарыста екінші сатыға жайғасты. Бұл бәсекеде Иван Берча, Рахымжан Қамар және Санжар Ержанұлы бақ сынады. Назеркеш Әлібек, Ясмин Ғалиахмет және Александра Земляновадан құралған команда әйелдер арасында күміс алды.

Ал Иван Берча мен Александра Землянова аралас командалық жарыста жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бұған дейін дзюдошы Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр

Тоқаев пен түркі елдерінің басшыларына сақ аңшысы мен көне ескерткіштер көрсетілді