Отандасымыз төрешілердің шешімімен 71,84 ұпай еншілеп, әзірге бесінші орында тұр.
Жарыста жапониялық Мао Симада 82,11 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50), ал үздік үштікті эстониялық Нина Петрыкина (77,24) түйіндеді.
Спортшылар еркін бағдарламаны Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні орындайды.
Бұған дейін бүгін Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медаліне таласатыны хабарланған.