Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының өкілі Алексей Чуркин Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2026 жылғы әлем чемпионатында төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Алексей Чуркин жұлқа көтеруде 168 келіні бағындырса, серпе көтеруде 210 келіні еңсерді. Осылайша, қос жаттығудың қорытындысы бойынша 378 келі көтеріп, жарысты төртінші орынмен аяқтады.

390 келіні көтерген Мысыр спортшысы Мохамед Абдельрахман Эльсайед алтын медаль жеңіп алды. Колумбиялық Йейсон Лопес (387 келі) күміс жүлдегер атанса, Қытай өкілі Лэй Цзяньцин (382 келі) қола медаль иеленді.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Едіге Емберді 16-орынға тұрақтады. Ол жұлқа көтеруде 157 келіні, серпе көтеруде 198 келіні көтерді. Нәтижесінде қоссайыстың қорытындысы бойынша 355 келі бағындырды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма