Жасөспірімдер Олимпиадасы: Бибарыс Әшірбайға да күміс медаль бұйырды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық былғары қолғап шебері Бибарыс Әшірбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында жеңіліп қалды. Осылайша "алтынға" таласқан жерлесіміз күмістен алқа тағынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ақтық сынында Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен қолғап түйістірді.

Британдық боксшы алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Нәтижесінде 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасына екінші күміс медальді сыйлады.

Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) екінші орын алған еді.

Айта кетейік, осымен ұлттық құраманың қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келі) және велошабандоз Әнел Тәшбай алтын алса, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары), триатлоншы Рамазан Әйнегов және боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) қола алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды