Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Гран-при турнирінде алтын медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.

Нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды.

Бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Ғалия Тынбаева, Нұрқанат Серікбаев және Аман Бақытжан Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің жартылай финалында жеңіске жетіп, "алтынға" таласудан үмітті екенін жазғанбыз. Ал Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды