Дүйсенбі, 16 қарашада синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде солтүстік-батыстың кей жерлерінде, негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын мол түседі.
Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Батыста, солтүстікте және солтүстік-батыста көктайғақ болады.
Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары болады.