Almaty Open алғаш рет ATP 250 санатындағы жылдың үздік турнирі атанды

Сурет: ktf.kz
Almaty Open турнирі ATP Awards 2026 сыйлығының қорытындысы бойынша алғаш рет беделді ATP 250 Tournament of the Year марапатына ие болды. Қазақстандық турнир осы санаттағы 29 жарыстың ішінен үздік деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty Open ATP 250 Швецияда өткізілетін тарихы терең екі турнирді — Nordea Open (Бостад) және Bybit Stockholm Open жарыстарын басып озды.

Жеңімпаз кәсіби теннисшілер арасында жүргізілген сауалнама негізінде анықталды. Ойыншылар жарыстардың ұйымдастырылу сапасын және спортшылар үшін жасалған жағдайларды бағалады.

Almaty Open турнирінің ATP 250 санатындағы үздік жарыс деп танылуы Қазақстанның халықаралық теннис аренасындағы беделінің артып келе жатқанын көрсетіп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы ретіндегі орнын нығайта түседі.

Қазақстандағы турнирдің тарихы 2020 жылы басталды. Сол жылы ATP 250 санатындағы жарыс алғаш рет Астанада Astana Open атауымен өтті. 2022 жылы турнир уақытша ATP 500 мәртебесін алып, әлемнің жетекші теннисшілерінің басын қосты. 2024 жылдан бастап жарыс Алматыда Almaty Open атауымен өткізіліп келеді. 2026 жылы оңтүстік астана турнирді үшінші рет қабылдады, ал жарыстың негізгі алаңы дәстүрлі түрде Almaty Arena спорт кешені болды.

Almaty Open турнирінен бөлек, ATP Awards 2026 аясында Tournament of the Year номинациясы бойынша Шанхайдағы Rolex Shanghai Masters (ATP Masters 1000) және Дохадағы Qatar ExxonMobil Open (ATP 500) турнирлері де марапатталды.

Сонымен қатар ойыншылар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша жеті турнир ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы және ATP стандарттарына сәйкестігі үшін Standards of Excellence марапатына ие болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып, жолаушыларға медициналық көмек қажет болды

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Қазақстанда халықтың ақшалай табысын есептеу тәсілдері өзгермек

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды