Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер іздей бастады

Сурет: Instagram/kff_team
17 қарашада Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн ұлттық құраманың биылғы УЕФА Ұлттар лигасындағы өнер көрсету қорытындысына арналған арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван'т Схиппен келісімшартты ұзарту мәселесі бойынша басты сұрақ қойылды.

Скотт Манн Нидерланд маманына қатысты нақты жауап берді.

"Біз келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырған жоқпыз. Джонның өзі де бұл қызметте қалғысы келмейді. Сондықтан ұлттық құраманы Еуропа чемпионатына дайындауға дайын, ұзақ мерзімге жұмыс істейтін бас бапкер іздеуге кірісеміз", – деді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн.

Джон ван'т Схиптің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасында алты матч өткізіп, бірде-бір рет жеңіске жете алмады. Команда өз тобында үш ұпаймен соңғы, төртінші орынға тұрақтады.

Скотт Манн нидерландтық маманның жұмысына қатысты да пікір білдірді.

"Мен Джонды көптен бері білемін. Ол – керемет адам. Ол туралы не жазып жатқаны еш алаңдатпайды. Джон "Аякста" 400 матч өткізді, осы клубты жаттықтырды және былтыр команданы еурокубоктерге шығарды. Грекияда да жұмыс істеген кезінде тамаша нәтиже көрсетті. Джон командамыз қиын жағдайда қалған кезде көмектесу үшін осында келуге келісті. Дайындыққа уақытымыз болмады. Ол өзінен бұрынғы бапкермен бірдей қаржылық шарттар бойынша жұмыс істеуге келісті. Сондықтан оған орасан зор ақша ұсынылды деп жазып жатсаңыздар, бұл мүлде олай емес екеніне сендіре аламын", – деді Скотт Манн.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді және пайдаланушылар нені білуі керек