Қырғыздың денсаулық сақтау министрі қамауға алынды

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Қырғыз Республикасының денсаулық сақтау министрі Әлімқадыр Бейшеналиев ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, 24kg Әлімқадыр Бейшеналиевтің сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікке ілінгенін хабарлайды.

2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасы Ресей, Қытай, Әзірбайжан және Қазақстанның халықаралық ұйымдарынан өтеусіз негізде гуманитарлық көмек түрінде 451 мың 560 вакцина алынғаны айтылады.

Сонымен қатар, Қытай мен Ресей президенттерімен болған келісім аясында елге гуманитарлық көмек ретінде 6 миллион доза вакцина бөлінді. Денсаулық сақтау министрі Әлімқадыр Бейшеналиевтің жеке нұсқауы бойынша 2021 жылдың сәуір, маусым, шілде және қыркүйек айларында шетелдік жеке компаниялардан 1 миллиард 581 миллион 474 мың 315 сом келіп түсті. Вакцинаның 2 миллион 460 мың дозасы негізсіз сатып алынды. Ақша оффшорлық шоттарға аударылды. Вакцинаның 3 миллионнан астам дозасы артық болғандықтан, қалған препараттардың жарамдылық мерзімі өтіп кетті. Қырғыз Республикасының бас прокуратурасы

Мемлекетке 1 миллиард 581 миллион 474 мың 315 сом көлемінде залал келтірілгені айтылады.

Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Министрге және ведомствоның басқа да қызметкерлеріне қатысты бес қылмыстық іс тергеуге алынды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты