Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованың соты қашан өтетіні белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Бақытгүл Хаменоваға Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартына отырғаны үшін ЖШС басшысынан 145 млн теңге сомасында пара алды деп айып тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда басталады, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Бастапқыда іс №2 қалалық соттың судьясы Дәуренбек Даумовқа жүктелген болатын, бірақ оның жақында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып тағайындалуына байланысты істі басқа судья қарайды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталып тұрғанын жеткізді, өйткені ол жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазбаған.

Хаменованың ұсталғаны туралы 2021 жылы желтоқсанда белгілі болды. Ол облыс әкімінің орынбасары болып 2020 жылдың наурызында тағайындалған болатын.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді