Мұратхан Тоқмәди ҰҚК қызметкерлерінің азаптау ісі бойынша жәбірленуші деп танылды

Сурет: Facebook/Джамиля Аимбетова-Токмади
Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің азаптау ісі бойынша жәбірленуші деп танылды. Бұл ақпаратпен оның жұбайы Жәмила Айымбетова-Тоқмәди желіде бөлісті, деп хабарлайд Zakon.kz.

Оның айтуынша, шағым түсіргеннен кейін 7 айдан соң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталған Тоқмәдидің арызы бойынша Тәтішевті өлтіргенін мойындатып, айғақтар алу мақсатында ұрып-соғу және психотроптық таблеткалар беру және арқылы азаптау фактісі бойынша ҰҚК басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тоқмәдиға физикалық зиян келтірілді дегенге негіз бар екенін назарға ала отырып, ол жәбірленуші деп танылады, делінген сотталушының жұбайы Жәмила Айымбетованың Facebook-те жариялаған Антикор хабарламасында.

Ержан Тәтішев 2004 жылы аң аулау кезінде басына оқ тиіп, мерт болды. 2017 жылы кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди Мұхтар Әблязовтың тапсырысы бойынша қылмыс жасағанын айтып, Тәтішевті өлтіргенін мойындады. 2018 жылдың наурызында Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда