Семейдің бас экологының сотына қатысты қосымша мәліметтер белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті 2021 жылдың қыркүйегінде Нұрлан Сейтеновке қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта - 2022 жылдың қыркүйегінен бастап бұл қылмыстық істі Абай облысы Семей қаласының № 2 сотында судья Т. Құдайбергенова қарастырып жатыр.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұрлан Сейтеновке қатысты ұсынған дәлелдеме материалдары қаралды.

Н.Т. Сейтеновке қатысты айыптау үкімі шығарылғаннан кейін ШҚО бойынша экология департаменті лауазымды тұлғаларының жауапкершілігіне қатысты іс қаралатын болады.

Айта кетсек, Семейдің бас экологы алаяқтық жасады деп айыпталуда. Шенеунік табиғатты қорғау заңнамасын бұзған адамның жауапкершіліктен жалтаруы үшін ұсынған ақшасын алды деп айыпталады.

Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді