Жемқорлықпен сотталған Алматы экология департаментінің қызметкерлері 265 млн теңге айыппұл төлеуі керек

Жемқорлықпен сотталған Алматы экология департаментінің қызметкерлері 265 млн теңге айыппұл төлеуі керек Сурет: Zakon.kz
Алматыда экология департаментінің шенеуніктері сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен Алматы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысының орынбасары М. Жексембаев 96 миллион теңге пара алғаны үшін  сотталып, оған айыппұл төлеуге үкім шығарылды (параның 30 еселенген мөлшері) 

"Пара бергені үшін (Қылмыстық кодекстің 367-бабы) «Экосервис-С» ЖШС басшысы Беркінбаев Г. және «Стройтекс» ЖШС басшысы Мапаев А. 73 миллион және 64 миллион теңгеден астам айыппұлға сотталды. Пара алуға делдал болғаны үшін (ҚК 368-бабы) «Эко Алматы» ЖШС менеджері Рахым Б.-ға 32 млн.", - деді Антикор.

Ведомствода атап өткендей, сотталғандарға салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 265 миллион теңгеден астам.

Сонымен қатар олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

"Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің лауазымды тұлғасы Жексембаев М. алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы "Ренессанс плюс" ЖШС өкілі Беркінбаев Г.-дан Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің аумағынан қатты тұрмыстық қалдықты жинауға және сұрыптауға жер телімін беру үшін 5 млн. теңгеге жуық ақша алған".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сонымен қатар М.Жексембаев жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жалпы патронаттық көмек көрсету үшін "Стройтекс Компани" ЖШС директоры А.Мапаевтан делдал Рахым Б. арқылы Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің әкімшілік ғимараты үшін 3 миллион теңгеден астам сома пара алған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 41-бабына cай айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе, жаза бас бостандығынан айырумен ауыстырылады (сот үкімі заңды күшіне енген жоқ).

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды