Қазақстанның бірнеше аймағында күзде сандық телеарна пайда болады

www.wekom.ru
Қазақстан Республикасының бірнеше аймағында сандық теледидар және радиохабар тарату пилоттық режимде іске қосылады.

ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанның қай өңірінде осы жылдың күзінде цифрлық теледидар және радиохабар тарату басталатының айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жылы үш өңірде, сандық хабар тарату пилоттық режимде іске асады. Олар Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Маңғыстау облысында - қазаннан бастап, қалғандары - желтоқсаннан бастап, яғни біз цифрлық телехабар таратуды пилоттық режимде бастаймыз », - деп атап көрсетті ол.

Ведомства басшысы атап өткендей, 2020 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасында барлық радио және телеарна станцияларының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Бұл бізге 2021 жылдан бастап Қазақстанда цифрлық телерадио хабарларын таратуға толық мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Д.Абаев.

Министр ел үшін бұл «маңызды қадам» екенін атап өтті.

«Біздің еліміз өте үлкен, ал халық саны аз, бүкіл елімізді қамту өте ұзақ уақытқа созылып жатыр, бұл жұмыс бірнеше жыл бойы жүргізілуде, біз оны үнемі бақылауда ұстаймыз», - деп сендірді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы