«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында Денсаулық сақтау министрлігінің үш қызметін іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz.
Сонымен, Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрай алады: емханаға тіркелу; дәрігер қабылдауына жазылу; дәрігерді үйге шақыру.
Осылай, @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердің саны 10-ға жетті.
Айта кетейік, бұған дейін, бот арқылы мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алуға болатынын.
Бұдан басқа базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алуға және әлеуметтік мәртебесін тексеруге болады.
«Қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзінің гаджетінде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу жүзеге асырылсын. Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады», - делінген ведомсвтоның хабарламасында.
Бұдан басқа базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алуға және әлеуметтік мәртебесін тексеруге болады.
@EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған кезде тәулік бойы 1414 нөмірі арқылы тегін кеңес беретін Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.