Әр құрылысты жүзеге асырарда оның міндетті алғышарттары бар. Құрылыстың ажырамас бір бөлігі, жүзеге асырылар жобаның міндетті жобалық-сметалық құжаттамасының (ЖСҚ) болуы.
Бұл орайда студенттік жатақханалар құрылысы да сырт қалмайды. Осының негізінде Құрылыс және тұрғын үй-коммунадық шаруашылық істері комитеті тапсырысымен "(Тұрғын үй институты) "Үлгілік және тәжірибелік жобалаудың ғылыми-зерттеу институты" ЖШС 2015 жылы 104, 184 және 244 орындарға арналған 3 студенттік жатақханалардың ЖСҚ-ын әзірлеген.
2018 жылы Үшінші әлеуметтік бастама жарияланып, мемлекет өз алдына 2022 жылдың соңына дейін студенттерді 75 мың орындық жаңа жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету межесін қойды. Соның нәтижесінде, құрылыс көлемі мен санының артуына байланысты жаңа ЖСҚ-ға қажеттілік туындады. Осыған орай, 2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің өтінішімен Құрылыс және тұрғын үй-коммунадық шаруашылық істері комитеті тапсырысымен "ҚазҚСҒЗИ" АҚ "ҚР 5 климаттық кіші аудандары үшін 500 орындық студенттік жатақхана" ЖСҚ әзірлеуде. Жоба ғылыми-техникалық кеңестің оң қорытындысын алып, келесі кезең мемлекеттік сараптамаға жолданды.
Жобаның артықшылықтары жатақхана ғимаратында жатын орындардан бөлек компютерлік оқу залдары, интернет клуб, буфет, спорт залдары, медециналық статционар және т.б. жобаланған. Кәсіпкерлердің құрылыс жұмыстарына жұмсайтын шығындарын барынша оңтайландырды. Әр студентке тұрғын алаңның үлестік көрсеткіші бұрынғы құжаттамалардығы 11,2 м2-ден 7,8 м2-ге төмендетілген, жалпы алаңның үлестік көрсеткіші сәйкесінше 21,9 м2-ден 15,2 м2 дейін оңтайландырылды. Бұл өз кезегінде жобаны замануи құрылыс материалдарын пайдалана отырып және барлық құрылыс, санитарлық талаптарды сақтай отырып оңтайландырғанда әрбір орын үшін 1 млн.теңге көлемінде үнемдеу мүмкіндігі туындап отыр.
Демек, жаңа ЖСҚ аясындағы бір төсек-орынның құны орта есеппен 2,5 млн. теңгені құрайды.
Жаңа 500 орындық студенттер жатақханасының ЖСҚ-сы кәсіпкерлер мен құрылысшылардың және студенттердің де көңілінен шығады деген сенім мол.
Жаңа жатақхананың үлгілік жобалары
104, 184 және 244 орындарға арналған студенттік жатақханалардың және әлеуметтік бастама аясында сәтті жүзеге асқан жеке жобалардың ЖСҚ-ын https://studdom.fincenter.kz/#bank сілтемесі арқылы жүктей аласыздар.