Алматы облысында екі күн электр стансасы қосылды

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Екі күн стансасының жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт/сағ.

Алматы облысында қуаты 3 МВт "Қапшағай" және қуаты 4,95 МВт "Сарыбұлақ" күн электр стансалары пайдалануға берілді. Екі КЭС-тің жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт/сағ құрайды. Жаңа генерация объектілері құрылысының инвесторы және бас мердігері "Хевел" компаниялар тобының құрылымдары, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, жаңа күн электр станциялары күнді бақылау жүйелерімен жабдықталған. Трекер қондырғылары күннің қайда орналасқанын бақылайды және автоматты түрде күн модульдерінің тиімді бағытын қамтамасыз етеді.

Осылайша, электр энергиясын өндіру фотоэлектрлік жүйенің статикалық орналасу әдісімен салыстырғанда орта есеппен 20-25%-ға артады.

Екі күн стансаларының жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт/сағ., бұл атмосфераға шығатын CO2 шығарындының 7,5 мың тоннасын болдырмауға мүмкіндік береді. Барлық электр энергиясы Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне түсетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді