Мен күресіп жүрген мәселелердің бірі - қазақ қоғамында азаматтық позицияның болмауы. Біздің қоғам бір ренжіген дауысы жоқ кішкентай бала секілді. Айтылған затқа көне береміз, деп жазады narikbi_live телеграм каналы.
Сертификат мәселесі.
Олардың ойынша, біз интернетке кіру үшін осы сертификатты орнатуымыз керек. Онда тұрған не бар, деп сұрауыңыз мүмкін. Өте үлкен мәселе жатыр. Сіз бен біздің тәуелсіз интернет пен ақпарат алу құқығымызға балта шабу бұл. Бұл "қауіпсіздік сертификаты" - сіздің әрбір әрекетіңізді біліп жүретін болады. Бүгін қандай сайт аштыңыз, қандай видео көрдіңіз, кіммен сөйлестіңіз. Толық бақылау.
Негізінде, мемлекет мұны істеп те жүр ғой. Бірақ, олар дәл кім жасап жатқанын білмейді, қазір бәрі анонимді. Ал бұл сертификат оларға осы мәселені тез-ақ шешіп береді.
Ойлаңызшы, бұл идея іске асса, сіз "дұрыс емес" адамға лайк бастыңыз деп, ертең құқық қорғау органдары келіп тұруы ғажап емес. Қазір бұлар тек мемлекеттік органдар үшін ғана деп ақталып жатыр. Енді елестетіп көрейік. Сіз Apple компаниясының басшылығында істейсіз. Әлемдік продукт шығарасыз. Бір кезде бір ортазиялық автократиялық мемлекет сіздің продуктыңыздың барлық трафигін оқитынын айтады. iPhone, iCloud, почта, Apple-ID парольдары және т.б. Әрине, сіз бұл елге доступ жауып тастайсыз. Өйткені, сізге продуктыңыздің қауіпсіздігі әлдеқайда жоғары приоритет.
Біздің елде Google, Twitter, YouTube, Facebook, Instagram, WhatsApp, Netflix істемейтін болады. Chrome, Edge, Mozilla и Safari браузерлері істен шығады.
Есесіне біз "Қазақстандық" aitube пен aitu messenger қолданатын боламыз. Балаларымыз Netflix-тегі әлемдік бестселлердердің орнына "Қарапайым Қайратты" көретін болады. The economist пен BBC World News орнына, мемлекеттік Tengrinews оқитын боламыз. Ал бұл мемлекет үшін керемет шешім. Бізге осы керек пе, айтыңызшы, делінген жазбада.