Қазақстандықтар домендік атаулар жөніндегі қағидаларға ұсыныстар енгізе алады

ЦДИАӨМ
Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларына түзетулер әзірлеу басталды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) домендік атауларды пайдалану мен бөлуді дамыту жөніндегі қағидаларға ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің тапсырмасын орындау мақсатында .KZ және (немесе) .ҚАЗ тіркелген домендік атаулары бар интернет-ресурстарды пайдаланудың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 38/НҚ бұйрығы) түзетулер әзірлеу басталды.

Осыған байланысты, әрбір қазақстандық Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігін қорғауды күшейту, домендік атауды пайдалануға қатысты өз құқықтарын кеңейту және осы саладағы қағидаларды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады.

Ұсыныстар 2021 жылғы 25 наурызға дейін төмендегі тәсілдермен қабылданады:

"Электрондық үкімет" порталында электрондық түрде;

kib@mdai.gov.kz электрондық поштаға;

пошта арқылы мына мекенжайға: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс.

Жиналған ұсыныстар бірыңғай қағидаларда қалыптастырылады. Кейін, өз кезегінде "Ашық НҚА" порталы арқылы қоғамдық қарауға шығарылатын болады.

Мазмұны бойынша ұсыныстар негізді әрі дәлелді болуға, сондай-ақ Конституциямен кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс екенін атап өткен жөн.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді