NASA Шолпанға екі зерттеу миссиясын жолдайды

Reuters
Біз Шолпан туралы өте аз білеміз.

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (НАСА) Шолпанға екі зерттеу миссиясын жіберетінін жариялады. Жаңа миссиялар планета атмосферасы мен геологиялық ерекшелігін зерттейді, дейді centralasian.org.

Миссиялардың мақсаты - Күнге жақын орналасқан екінші планетаның Жерге ұқсас бола тұра неге қатты ыстық екенін анықтау, деді НАСА-ның жаңа жетекшісі Билл Нельсон.

"ДАВИНЧИ Плюс" деп аталатын миссия Шолпанның бұлтты атмосферасының тығыздығын зерттеп, бұрын бұл планетада Мұхиттар мен органикалық тіршілік болған-болмағанын анықтайды. АҚШ Шолпанды зерттеуге арналған соңғы миссиясын 1978 жылы жолдаған.

Жаңа миссиялардың бірі "ВЕРИТАС" деп аталады. Ғалымдар соның көмегімен Шолпанның геологиялық тарихын зерттеп, планетаның Жерге қарағанда басқаша даму себебін анықтайды.

Біз Шолпан туралы өте аз білеміз. Сол себепті жаңа миссиялар планетаның көмірқышқыл газдан тұратын атмосферасынан бастап ядросына дейін зерттеуге көмектеседі. Біз жаңа планета ашқандай әсерде боламыз, - деп мәлімдеді НАСА-ның ғылыми зерттеушісі Том Вагнер.

Миссияның әрқайсына 500 миллион доллардан жұмсалады. Ғылымы сапарлар 2028 – 2030 жылдары жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды