Қазақстанның "цифрлық тәуелсіздігін" Сбер-ге беру – жүйелі шешім

Жобаның сомасы туралы әртүрлі алыпқашпа әңгіме тарап кетіпті.

Аtameken Business арнасында тікелей эфирге шыққан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин көптің көкейінде жүрген сұраққа берді. Оның айтуынша, жұрттың уайымы негізсіз, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Біз әртүрлі кейстерді зерттедік. Араб Әмірліктерінің, Сингапурдың тәжірибесін зерделедік. Олар негізінен Microsoft шешімін пайдаланады. Алайда біз 2017 жылдан бері Қазақстан Республикасы ретінде Microsoft компаниясымен келіссөз жүргізуге барынша тырысып көрген болатынбыз. Шынын айтқанда, әлемдік бұл компания бізге шығыс кодын берер деген үмітте болдық. Ол жерге бір рет қана көз салып, не жазылғанын көріп, сертификаттау үшін бірлескен жұмысқа күш салғанбыз. Алайда олар бізбен жұмыс істеуден бас тартты. Сол себепті біз Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің талаптарын және ақпараттық қауіпсіздік заңнамасын қанағаттандыратын шешімді іздей бастадық, - дейді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, Сбер компаниясымен жасалған меморандумда "Алаяқтар айналып өтіп кіріп кетпейтіндей қуыс-тесіктер жоқтығына көз жеткізу үшін Қазақстанға ашық шығыс кодтары керектігі ақ параққа қап-қара әріптермен" анық жазылған. Сондықтан министр бұл меморандумды жүйелі шешім деп атады. Айтуынша, осы меморандумға қол қояр алдында Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен терең талқыланған.

Мұндай шешімді біз бір минутта немесе біреудің қысымымен қабылдаған жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, Герман Оскровичпен (СберБанк басшысы) бірнеше рет кездестік. Жалпы ІТ саласының келешегі не болып жатқанын сол кісімен талқыладық. Майл.ру мен Яндексті зерттедік. Алайда қазіргі таңда бізді ақпараттық қауіпсіздік болсын, платформалық модельдердің талаптары жағынан болсын қанағаттандыратын бірден бір платформа – сберлік жоба екенін ұғып, түйсініп отырмыз, – дейді ол.

Бағдат Мусиннің айтуынша, қазақстандықтардың мәліметтерімен, бизнес-процестердің жұмыстарымен ресейлік мамандардың қолымен емес, қазақстандық ІТ мамандардың қолымен жасалады. Министр атап өткендей, қазақстандықтардың мәліметтерін басқа елге басқаруына беріп қоюға Қазақстанның заңы рұқсат бермейді.

Мәліметтер базасы – Қазақстан Республикасының аумағында, қорғалатын жерде сақталады. Меморандумда жазылғандай "ол жерде ресейлік мамандар қол жеткізе алмайды!" Егер тіпті қандай да бір технологиялық қолдау үшін ресейлік мамандар бізге тартылған жағдайда да бұл жұмыс біздің мемлекеттік-техникалық қызметтің мамандарының бақылауымен жасалады. Біздің бизнес өкілдерінің 90 пайызы мәселен Адинес жүйесін пайдаланады. Біз мәліметтеріміздің барлығы Ресейде демейміз ғой. Мәліметтердің бәрі де біздің серверлерде болады. Бұл жерде шыбынды түйеден ажыратып алу керек. Ресейлік мамандардың бірде бірінің оған қолы жетпейді, - дейді ол.

Министр келесі жылдың сәуірінде жобаның барлық жан-жақты параметрін айқындайтын келісімге қол қойылатынын мәлім етті.

Жобаның сомасы туралы әртүрлі алыпқашпа әңгіме тарап кетіпті. Біреулер 5 млрд доллар кетеді екен дейді. Ол жалған ақпарат. Шамамен 500 млн доллар керек. Бірақ экономикалық зерттеулер кезінде қаражат пысықталады, - дейді ол.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/kazakstan-shynymen-cifrlyk-egemendiginen-ajyryla-ma-musin-ne-dejdi?fbclid=IwAR31AtGFjPpCMHT1OT4_UmLGtlHseYIdZkOJUnqo7LOui6nqXUHRsstPBEM

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: