Құзырлы ведомство бірнеше күн бойы Интернеттің қазақстандық сегментіне жасалған ауқымды DDoS-шабуылдарды тіркеді, бұл байланыс операторларының магистральдық арналарына түсетін жүктеменің артуына әуеліп соқты.
Күн сайын зорайып бара жатқан зиян келтіру белсенділігі 2022 жылдың 24 қыркүйегінде алғаш рет байқалып, содан кейін үнемі үдеп отырды. Бұл шабуылдар бүгін, 28 қыркүйекте өз шыңына жетті.
Мұндай түрдегі шабуылдар веб-сервистердің жұмыс қабілеттілігіне кері әсер етеді, ол интернет-ресурстардың толықтай істен шығуына бағытталған.
DDoS шабуылдары үшін вирус еніп үлгерген компьютерлер мен ботнет деп аталатын IoT құрылғылары қолданылды.
Қазіргі уақытта барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
28 қыркүйекте таңертең қазақстандықтар интернет жұмысындағы ақауларға шағымданды. Редакция тілшісі түсініктеме алу үшін байланыс операторларының баспасөз қызметіне жүгінді. Олар бұл - жаһандық мәселе, операторлар тарапынан болған дүние еместігін айтты.
Алматы мен Атырау әуежайларында интернеттің істен шығуына байланысты әуе рейстерінің кешігуіне тура келді, өйткені жолаушыларды тіркеу қағаз жүзінде жүргізілді.
25 қыркүйекте "Мемлекеттік техникалық қызмет " Интернеттің қазақстандық сегментіне жасалған ауқымды DDoS-шабуылдардың тіркелгені туралы хабарлады.