Facebook-тің кем дегенде 1 млн қолданушысының деректері қолды болған

Сурет: unsplash
Meta Facebook әлеуметтік желісінің кем дегенде 1 миллион пайдаланушысының жеке деректері көшіріп алынғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, жұмыс істеп тұрған сервистің кейпіндегі зиянды қосымшалар арқылы аккаунтқа енуге қажетті ақпараттар ұрланған болуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ның Киберқауіптерге қарсы күрес жөніндегі директоры Дэвид Агранович Axios-қа берген сұқбатында айтты.

Оның айтуынша, хаккерлер Google және Apple-нің дүкен қосымшаларына 400-ден астам мобильді қосымшаларды таратқан.

Оның 55-і Android қосымшалары, 47-сі iOS үшін. Бұл қосымшалардың шамамен 40% фото редактор бетпердесін таққан, қалғандары ойындар, бизнес қосымшалары, өмір салты және т. б. санаттарға жататын қызмет түрлерін ұсынған.

Қазір Apple және Google дүкендерін зиянды бағдарламалардан тазалап үлгерді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі