Транстелеком РФ-мен бірлескен жобаны тоқтатқандары туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: Facebook/"Транстелеком"
"Транстелеком" АҚ баспасөз қызметі "Қазақстан 2,4 млрд рубльдің Ресеймен бірлескен ІТ-жобасын тоқтатты" деп "Коммерсанть" ресейлік басылымында жарияланған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, мақалада сарапшылар келісімшартты кілт доғаруды Қазақстанның ресейлік құрылымдардан "аулақ" жүргісі келетін ниетімен байланыстырғаны атап өтілген.

Біріншіден, "Безопасная информационная зона" ресейлік компаниясымен ("Сбербанктің" серіктесі - "Бизон", бұрын оның құрылымында болған) арадағы ІТ-жобаны тоқтату деген болған емес. 2019 жылы "Транстелеком" АҚ мен "Безопасная информационная зона" компаниясы арасында өнеркәсіптік киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл меморандумға "Транстелеком" АҚ мен "Безопасная информационная зона" компаниясының бірлескен бастамасы бойынша қол қойылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, 2019 жылы "Транстелеком" мен "Безопасная информационная зона" ресейлік компаниясымен бірлесе қолға алынған жоба сәтті жүзеге асырылды. Келісімшарт қатынастарының талаптары құпия ақпарат болып табылады.

Екіншіден, байланыс саласында 20 жылдық тәжірибесі бар "Транстелеком" АҚ мен киберқауіпсіздік саласында тәжірибесі бар "Безопасная информационная зона" компаниясы өзара сенімді, іскерлік және серіктестік қатынастар орнатқанын атап өткен жөн.

Берілген ақпараттың бұрмалануына және деректер мен фактілерді теріс немесе қате жеткізуді болдырмас үшін "Транстелеком" АҚ толықтай берілуі қажет, арасынан контексті үзіп алуға болмайды. Мұндай шара аса маңызды болып табылады, өйткені жекелеген БАҚ "Транстелеком" АҚ-ға қатысты осындай мәселелерді тұрақты негізде көтеріп, жолдап отырады. "Транстелеком" АҚ баспасөз қызметі
Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты