Илон Маск Starship зымыранын жақын күндері тағы да ұшырмақшы

Сурет: видеодан алынды
Илон Маск Twitter-де SpaceX бір-екі айдан кейін Starship-ті қайта ұшыратынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз Starship-ті бір-екі айдан кейін қайтадан іске қосуға дайын боламыз", - деп Маск ұшыру алаңын ретке келтіру үшін алты айға дейін уақыт кетуі мүмкін екенін жазған әлеуметтік желі қолданушыларының біріне жауап берді.

Starship - бұл бұрын-соңды болмаған ең қуатты ғарыш кемесі. Болашақта ол Марс пен Айға адамдарды тасымалдау үшін пайдаланылуы ықтимал. 

Алғашқы сынақ кезінде зымыран ұшырылғаннан кейін төрт минуттан соң жарылғаны жайлы бұрын хабарланған болатын.

Starship зымыраны жарылып, Tesla акциясы құлдырағанда Илон Масктың байлығы 11 миллиард долларға дейін кеміді.

Миллиардер Илон Маск өткен тәуліктегі ең бай адамдар арасында капиталын кеміту жағынан көшбасшы атанды. Дегенмен, ол әлі де рейтингте екінші сатыда тұр.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды