Қазақстанда Bed tax алымын жинау тоқтайды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристік Bed tax салығына қатысты жоспарлар мен шешімдерді айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз bed tax-ты тоқтатамыз деп шештік. Бұл отандық бизнес үшін де, шетелдік туристер үшін де белгілі бір қолайсыздық жасайды. Бүгінге дейін bed tax енгізілген сәттен бастап ел бойынша шамамен 500 млн теңге жиналғанына қарамастан, аталған қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Аз уақыттың ішінде бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Bed tax немесе туристік алым тоқтатылады", - деді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Вице-министр өз жауабын нақтылап өтті.

"Бұл мәселе қайта қаралмайды деп ойлаймын", - деді Ержан Еркінбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды