БАӘ Иранмен әуе қатынасын тоқтатты

БАӘ Иранмен әуе қатынасын тоқтатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 10:44 Сурет: pexels
БАӘ Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасы Иранмен әуе қатынасын 24 қыркүйектен бастап арнайы өкімге дейін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, мұндай шешім АҚШ-тың Иран әуе компанияларына халықаралық рейстер орындауға тыйым салуына байланысты қабылданған.

Осыдан кейін бірнеше ел Иранмен әуе қатынасын тоқтататынын мәлімдеді.

БАӘ билігінің ресми мәлімдемесіне дейін Иранның бұқаралық ақпарат құралдары Түркия, БАӘ, Еуропа және бірнеше араб елдерінің көптеген әуе компаниясы Иран әуежайларына рейстерін тоқтатқанын хабарлаған.

Иранның әуе компаниялары түнгі сағат 00:00-ден бастап БАӘ-ге қатынайтын барлық рейстерін тоқтатты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: