Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздеу жұмыстары аяқталды

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 10:55 Сурет: gov.kz
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 2026 жылғы 25 қыркүйекте Каспий теңізінің акваториясындағы іздеу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін жоғалып кеткен екі әскери қызметшінің – сержант Мансур Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының кенеттен күрт нашарлауы салдарынан болды. Сол кезде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге ағызып әкеткен.

"Олардың үшеуі құтқарылды, 14 адам қаза тапты". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомство қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық және психологиялық қолдау көрсетілетінін айтты.

Қазақстанда әскери қызметшілердің қаза табу себептерін тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі. Оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.

Сонымен қатар ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеме жасап, күдікті лауазымды тұлғалардың анықталғанын хабарлады:

"Қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінген, сондай-ақ ауа райы жағдайын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау жүргізбеген және қажетті шаралар қабылдамаған, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған лауазымды тұлғалар анықталды. Бұл адамдардың қаза табуына әкеп соқты".

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: