Канар аралдарында екі күнде 84 жер сілкінісі тіркелді: апат қаупі бар

Сурет: NASA
Канар аралдарының ең ірісі саналатын Тенерифе аралында демалыс күндері Тейде жанартауы маңында 84 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mirror мәліметінше, жанартаудың қайта атқылауы мүмкін жағдайға дайындық үшін арнайы техникалық бөлім құрылған. Жоспардың негізгі мақсаты – қаланың төтенше жағдайларға дайындығын арттырып, тұрғындарды баспанамен және қажетті қызметтермен қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда қала "орташа деңгейдегі төтенше жағдайға" төтеп бере алады деп есептеледі. Алайда мамандар ірі атқылау орын алса, жағдай әлдеқайда күрделенуі мүмкін деп алаңдаулы.

Испанияның Ұлттық географиялық институты (IGN) Тенерифе аумағында орнатылған 100-ден астам станция, құрал-жабдық және сынама алу нүктелері арқылы сейсмикалық белсенділікті тұрақты түрде бақылап отыр.

Осының арқасында ғалымдар нақты уақыт режимінде жер сілкіністеріндегі өзгерістерді, жер қыртысының деформациясын және геохимиялық көрсеткіштерді қадағалай алады.

Арал әкімі ықтимал жанартау атқылауына дайындыққа қатысты алаңдаушылық білдіргенімен, Тенерифе аралының басқару кеңесінің президенті Роза Давила бұл қауіптің асыра айтылғанын мәлімдеген.

Айта кетейік, Тейде жанартауы 1909 жылы атқылағанда аралға айтарлықтай үлкен зиян келмеген. Алайда 1706 жылғы атқылау кезінде қала мен Тенерифенің басты порты – Гарачико толықтай қираған.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды