Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты - видео

Сурет: pixabay
Вьетнамның Фукуок аралы маңында теңізде туристер мінген қайық аударылды. Бортта 36 адам болды, оның ішінде 32 Үндістан азаматы және төрт экипаж мүшесі бар. Оқиға салдарынан 15 адам қаза тауып, 21-і құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

VnExpress басылымының хабарлауынша, катер Хон Мэй Рут Нгоай аралына барып келе жатқан, жағадан 400 метр қашықтықта күтпеген жерден аударылып, ондағы адамдардың барлығы суға құлаған.

Куәгерлер сол маңдағы туристік кемелердің экипаждары көмекке бірінші болып келгенін айтты. Кейінірек құтқару операциясына шекарашылар, әскери-теңіз күштері, Жағалау күзеті және басқа да төтенше жағдайлар қызметі қосылды. Алайда, жұмыс көптеген жолаушының төңкерілген катердің ішінде қалып кетуіне байланысты қиындады.

Зардап шеккендердің бірнешеуі ғана саналы түрде өз бетімен судан шығара алды. Оқиға кезінде Антхой теңіз акваториясында қатты толқындар байқалды, бірақ жаңбыр жаумаған, басқа туристік кемелер өз жұмысын жалғастыруда.

Қаза тапқандардың барлығының денелері табылды. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді. Катердің апатқа ұшырау себептері анықталуда, тергеу жалғасуда.

Бұған дейін Ұлыбританияда аборт пен эвтаназияға қарсы танымал саясаткерді өлтіріп кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Алматыда үстіне ағаш құлаған 19 жастағы бойжеткен көз жұмды

Оралда төрт жасар бала терезеден құлап кете жаздады

Қазақстанның бес өңірінде бір күнде 5 орман өрті тіркелді

Алматыда Сайран көлінің айналасы абаттандырылады