"Мұндайды күтпедім": Германиялық саяхатшы Қазақстанның сұлу табиғатын әлемге паш етті

Сурет: Instagram/sindyexplores
Әлемнің ерекше әрі көпшілік біле бермейтін жерлерін аралайтын германиялық тревел-блогер Sindy Қазақстанға арналған жаңа жобасының аңдатпасын жариялады. Фильмнің негізгі түсірілім орындарының бірі Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, Instagram желісінде sindyexplores лақап атымен танымал германиялық блогер Қазақстанға арналған жаңа жобасының алғашқы бейнеролигін көпшілік назарына ұсынған.

Аңдатпада блогер Маңғыстау өңірінің көрікті жерлерін көрсеткен. Кадрлардан Бозжыра шатқалын, "Тирамису" атауымен белгілі Қызылкүп шатқалын, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын өңірдің өзге де әсем табиғи орындарын көруге болады.

"Жыл сайын мен өзім үшін ерекше маңызды бір үлкен жобаны таңдаймын. Өткен жылы ондай жоба Сокотра аралы болса, биыл – Қазақстан. Бұл бейнеролик – сапарымның шағын ғана үзіндісі. Фильмнің толық нұсқасы жақын арада YouTube арнасында жарияланады", – деп жазды Sindy.

Sindy Қазақстанға үлкен үміт күтпей келгенін, алайда елдің табиғи көрікті жерлерін көргеннен кейін қатты таңғалғанын жасырмады. Оның айтуынша, Қазақстанның ерекше табиғаты мен ғажайып ландшафтары өзіне өте зор әсер қалдырған.

Бұған дейін Алматы облысындағы танымал мекен несімен ерекше екенін жазғанбыз.

Германия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Бірқатар салықтар бойынша есептілік тапсыру және төлем жасау мерзімі 20 шілдеде аяқталады

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған