Жер жүзіндегі тарихи нысандардың интерактивті картасы жинақталды

Сурет: thecastlemap
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қамалдар, бекіністер мен сарайлар енгізілген Castlemap атты интерактивті карта іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Картада 141 елдің 6903 тарихи нысаны қамтылған. Әр нысан бойынша фотосуреттер, қысқаша тарихы мен салынған ғасыры туралы мәлімет берілген.

Сурет: thecastlemap

Сайтта ең танымал тарихи орындардың рейтингі де жарияланған. Тізім нысан туралы мақалалардың қанша тілде жазылғанына және олардың қанша рет қаралғанына қарай жасалған.

Үздік үштікке енгендер:

Ресейдегі тарихи нысандар да картада кеңінен ұсынылған. Олардың ішінде рейтингтің көшін Кремль бастап тұр.

Сурет: thecastlemap

Ал әзірге бұл рейтингте Қазақстаннан бірде-бір тарихи нысан жоқ.

Бұған дейін еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатқанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан