Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 16:28 Сурет: gov.kz
Түркістан облысының Сауран ауданындағы Сауран қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2026 жылғы 8 тамыздағы мәліметінше, мамандар ханака мен медресені қалпына келтіру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпарға сүйенсек, жұмыс барысында ғимарат қабырғасының беткі қабатындағы зақымданған кірпіштерді ауыстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ тарихи нысандарды қоршап тұрған тіреу қабырғаларының үгітілген сылақ қабаты қайта сыланады.

"Реставрация кезінде ескерткіштердің тарихи келбеті мен сәулеттік ерекшелігін сақтауға басымдық беріледі. Қолданылатын құрылыс материалдары нысанның өзіндік сипатына сай іріктеліп, жаңартылған бөліктердің ескерткіштің бастапқы сәулеттік келбетімен үйлесімді болуы ескеріледі". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 16:28

Сурет: gov.kz

Атқарылып жатқан жұмыстар ханака мен медресенің одан әрі бүлінуіне жол бермей, олардың беріктігін арттыруға және тарихи келбетін сақтауға бағытталған.

Сауран қалашығы – Түркістан облысындағы тарихи-мәдени мұраның маңызды нысандарының бірі. Қалашықтағы ескерткіштерді сақтау көне шаһардың тарихын тереңірек зерделеуге және кеңінен танытуға ықпал етеді.

Бұған дейін Германияда римдиктер салған 2000 жыл бұрынғы құпия жол табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: