Грузияда рұқсатсыз жұмыс істеген жағдайда Қазақстан азаматтары елден қуылуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында Грузияның жаңа көші-қон заңнамасында өзгерістер орын алғанын, алда тиісті рұқсат құжатынсыз жұмыс істеген қазақстандықтар жауапқа тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер Грузияның көші-қон заңнамасындағы өзгерістерге тоқталды.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, шектеулер

"2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Грузияда шетелдіктер үшін еңбек ережелері қатаңдайды, енді заңсыз жұмыс істегендерге депортациялау, айыппұл салу немесе елге кіруге бес жылға дейін тыйым салу шаралары қолданылады. Қазақстандықтар үшін Грузияға кіруде және елде болуда 365 күндік визасыз режим сақталады. Алайда бұл режим жұмыс істеуге құқық бермейді", - деді Жанболат Үсенов.

Сондай-ақ ол Грузияда заңсыз еңбек еткені үшін әкімшілік жаза қарастырылатынын еске салды.

"Шетелдік азамат елден қуып шығарылған жағдайда оның елге кіруіне 2 жылдан 5 жылға дейін тыйым салынады. Осыған байланысты Грузияда жұмысқа орналасуды, кәсіпкерлік немесе басқа да ақы төленетін қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған Қазақстан азааттарына мұндай қызметті бастамас бұрын грузин заңнамасында көзделген жұмыс істеу құқығының бар екеніне көз жеткізу қатаң ұсынылады" деп толықтырды сөзін ҚР СІМ ресми өкілі.

Министрлік қазақстандықтарды Грузия заңдары мен көші-қон ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ айыппұл салуға, елден шығарып жіберуге және кейіннен кіруге шектеу қоюға әкеліп соқтыратын бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Бұған дейін Таиланд арадағы визасыз режим мерзімін неге қысқартқаны айтылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді