Қаза тапқан әскери қызметшілер мен жеке тұлғалардың несиесі кешіріледі

Сурет: Zakon.kz.
Тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен азаматтық тұлғалардың несиелері қазіргі уақытта есептен шығаруға жатады, деп мәлімдеді брифингте ҚР Қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Александр Терентьев, деп хабарлайды Zakon.kz
Тапсырмаға сәйкес, тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің кредиттері қазіргі уақытта есептен шығаруға жатады. Дәл осындай жұмысты агенттік тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан азаматтық тұлғалар тізімі бойынша да жүргізеді. Александр Терентьев

Ол ТЖ режиміне байланысты зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдер мерзімін кейінге қалдыру тәртібі бекітілгенін еске салды.

Оның айтуынша, несие ұйымы жеке және заңды тұлғаларға несие бойынша төлемдер уақытын кейінге шегере алады, ал төтенше жағдай режимі кезінде несие ұйымы айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеуді талап етпейді, яғни есептемейді, сондай-ақ несие бойынша капиталдандыруды жүзеге асырады.

Департамент басшысы кредит бойынша төлем мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан жағдайда қарыз алушылар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы екенін, ал агенттік өз кезегінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеруге негіз тауып, банктің іс-әрекетіне баға бере алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды